Президент Ақордада Садыр Жапаровты қарсы алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы бауырлас елдің президентің қарсы алды.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.

Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеді.

Қарауыл бастығы екі ел президенттеріне сәлемдік баянат берді. 

Кейін Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.

Одан кейін президенттер отырыс залына қарай бағыттады.

Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылмақ.

18 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалағанын еске сала кетейік. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы