Президент Алматы қаласында бірқатар кездесу өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаған Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені және танымал кәсіпкер әрі меценат Рашид Сәрсеновті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысына Kaspi.kz құрылтайшылары халықаралық деңгейде танымал финтех компаниясының қазіргі қызметі мен одан әрі даму перспективаларының жоспары туралы мәлімет берді.

Рашид Сәрсеновпен кездесу барысында отандық кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері, соның ішінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы