Президент әлеуметтік желілерде қауесеттер таратып жатқандар туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта өтіп жатқан Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII Съезінде әлеуметтік желілерде жалған ақпараттар таратып жатқандар туралы айтты.
Партия өз жұмысын жандандырып, ұйымның рөлін күшейте түскені жөн. Жылдар бойы үнсіз болған, саясатпен айналысып жүрген кейбір адамдар қазіргі жылымықты пайдаланып, әлеуметтік желіге жаппай шыға бастады. Олар ақпараттық кеңестікті жайлап алды. Неше түрлі қауесеттер, жалған ақпараттар тарап жатыр. Мұндай ахуал елді адастыруы мүмкін, - деп айтты Президент.
Тоқаев біздің жоспарымызды, қолға алып жатқан іс-шараларымызды көпшілік біле бермейтінін айтты.
Партия белсенділері ақпарат құралдарын пайдаланып, саясатымызды жұртқа түсіндіре алуы керек, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оралов партияның AMANAT деп аталуының 7 себебін атады
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы