Президент әлемдегі шиеленістерді шешудің жолдарын атады
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Саясаткерлер дауласқан кезде рухани көшбасшылар оларды бір-біріне жақындастыруға тырысып, бұған қарсы шығады. Бүгін адамзатқа конфронтация жағдайынан шығатын жолды көрсете алатын рухани көшбасшылардың диалогы өтіп жатыр, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айтуынша, мұндай ауқымды диалог діни көшбасшыларға бейбітшілікке қол жеткізу бойынша бастамаларды жасауға көмектеседі.
Бұл әлемнің бүкіл өңіріндегі шиеленістерді шешу үшін міндетті болып саналады. Рухани көшбасшылар – адамзаттың ар-ұжданын сақтаушылар, сондықтан бізге өзара сенім, мейірімділік пен бейбітшіліктің жолын сіздерден артық ешкім көрсете алмайды. Бүгін адамзатқа қауіпсіздіктің жаңа жүйесін құру үшін ынтымақтастық аса қажет. Бізге бейбітшілік үшін жаңа жаһандық қозғалыс керек. Мен жаһандық лидерлердің бұл мәселедегі рөлі өте маңызды екендігіне сенімдімін, - деді Мемлекет басшысы.
Бұған дейін Тоқаев пандемиядан кейінгі әлемде әділетті қоғам құру – бәрімізге ортақ міндет екендігін айтқан болатын.