Президент әлем чемпионы Ризабек Айтмұханды жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлем чемпионы Ризабек Айтмұханды жеңіске жетуімен құттықтады. Бұл туралы BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін, – деді Президент.

Кеше Сербия астанасы Белград қаласында күрестен әлем чемпионатында қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан финалда Осман Нурмагомедовты жеңіп, алтын медаль иеленді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы