16 Қараша 2026, 16:48 Фото: Ақорда

Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөліміне жаңа меңгеруші тағайындалды

Президент Әкімшілігінде жаңа кадрлық тағайындау болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысының өкімімен Ренат Құрметжанұлы Айтаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп жазылған хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының өкімімен Әлихан Жамсатов лауазымынан босатылды.