Президент Әкімшілігінің басшылығы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Президент Әкімшілігінің басшылығы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды.

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшылығы Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен қазақ халқының ұлы перзенті, «Халық Қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойып, қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Салтанатты шараға Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу мен Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы