Президент әкімшілігі Үкіметтің жедел жұмысына араласуға құқығы жоқ – Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент әкімшілігінің Үкіметтің жедел жұмысына араласуға құқығы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Келісу мен шешім қабылдаудың ұзаққа созылуы мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілік алғысы келмейтіндігімен және одан қорқатынымен байланысты. Мұны ашық айту керек. Бұл неден туындап отыр? Мүмкін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство барлығын қысымға алып, үрей туғызған шығар? Бұл мәселені де қарастырайық, бірақ шешім қабылдау қажет. Оның үстіне мен Үкіметке кең көлемде өкілеттіктер берілетінін айтқан болатынмын. Қазір Президент Әкімшілігі Үкіметтің жедел қызметіне араласуға құқығы жоқ. Ендеше, шешім қабылдаңыздар, – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Үкімет барынша жедел жұмыс істеп, артық бюрократиядан арылуы қажет екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы