Президент Ақмола облысының ет өңдеу зауытын аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы "Бижан" ет өңдеу зауыты" ЖШС-на барды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы өндіріс ғимаратын аралап көріп, облыстың ет өңдеу зауыты өндірген өнімдермен танысты.

"Бижан" ЖШС – өңірдегі ет өнімін өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі. Зауытта шұжықтың 15 түрі, ет консервілері мен жартылай фабрикаттар және тағы да басқа өнім түрлері өндіріледі. Кәсіпорын 115-тен астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

Нысанды аралау барысында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев президентке өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын дамыту жайында мәлімет берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы