Пресс-тур: Шарын шатқалы, Ғұндар этноауылы мен Ақ бұлақ биік таулы курорты

Алматы облысы, BAQ.KZ тілшісі. "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" АҚ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен IV ақпараттық-экскурсиялық тур өткізіп жатыр.

Құрамында журналистер, блогерлер және еліміздің әр өңірінен келген туроператорлар бар топ турдың екінші күні Жетісудың бірнеше көрікті жерін аралады.


 

Алғашқы аялдаған жер Алматы облысы Ұйғыр ауданына қарасты Шонжы өңіріндегі ыстық су көздері болды. Мұнда келушілерге қолайлы болу үшін ыстық су көздерінен арнайы бассейндер жасалған. 


 

Бұл жерге туристер негізінен емделу үшін күз, көктем және қыс айларында жиі келеді екен. Ал судың температурасы шамамен +35 - +40 С.

Мұнан кейін ақпараттық-экскурсиялық тур Шарын шатқалында, "Ғұндар" этноауылында және "Ақ бұлақ" биік таулы курортында жалғасты.

Шарын шатқалы


 

Ғұндар этноауылы


 


 


 

"Ақ бұлақ" биік таулы курорты


 

Теңіз деңгейінен 1 600 метр биікте орналасқан бұл курортта шаңғымен сырғанауға, табиғаттың тамаша көрінісін жалпы ұзындығы 4 800 мерт болатын арқан жол арқылы тамашалауға болады.


 

Айта кетейік, "Kazakh turizm ҰК" АҚ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен IV ақпараттық-экскурсиялық тур өткізуде. Бес күнге жалғасатын турдың алғашқы күнінде еліміздің әр өңірінен келген туроператорлар туристік салада өз тәжірибелерімен бөліскен болатын.


 


 

 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы