Ғалымдар қандай препараттың коронавирусқа қарсы тұра алатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар "мефлокуин"  препаратының COVID-19 коронавирустық инфекциясының қоздырғышына қатысты тиімділігін дәлелдеді.

"Мефлокуин" SARS-CoV-2 вирусының (COVID-19 патогені) жасуша культурасында 2 мкг /л концентрациясындағы цитопатиялық әсерінің дамуына кедергі келтіргені дәлелденді. Қан плазмасындағы мұндай шоғырлануға препаратты адамдарда қолдануға рұқсат етілген терапевтік дозада қабылдағаннан кейін қол жеткізіледі, - деді Ресей Федералды медициналық және биологиялық агенттігінің басшысы Вероника Скворцова.

zakon.kz сайтының мәліметіне қарағанда, тәулігіне 750 мг дозада "мефлокуиннің" бір реттік дозасынан кейін (250 мг-дан 3 таблетка) алғашқы күн ішінде қан плазмасындағы ең жоғары концентрация 1,51 мкг / л құрайды. 

"Мефлоквин" препаратын 500 мг-да (250 мг-дан 2 таблетка) тұрақты түрде қабылдаған кезде қан плазмасындағы концентрация жоғарылайды және екінші немесе үшінші күні вирустың жойылуын қамтамасыз ететін 2,7-3,8 мкг/ л-ге жетеді. Препараттың келесі курсын 250 мг дозада қабылдау (күніне 1 таблетка) терапия кезінде (7 күн) және ол аяқталғаннан кейін бірнеше күн ішінде қажетті концентрацияны сақтауға мүмкіндік береді.

Зерттеулерді Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігінің 48 Орталық ғылыми-зерттеу институтының қатысуымен Ресейдің Фармацевтикалық қорғаныс ғылыми-өндірістік орталығы (ФМБА) жүргізді. 

Ғалымдар жаңа коронавирустық инфекцияны емдеуге ұсынылған "мефлокуин" препаратының вирусқа қарсы белсенділігін бағалады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы