«Преодоление». Тоқаевтың ұлықтау рәсіміне 2 жыл толуына орай деректі фильм көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлаудағы сенімді жеңісінен кейінгі тарихи оқиға – ұлықтау рәсіміне 2 жыл толды. Осы атаулы күнге орай «Хабар» агенттігі Мемлекет басшысының саяси өмірбаяны туралы «Преодоление» атты деректі фильм әзірледі.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.


Екі сериялы фильмде Қасым-Жомарт Кемелұлының дипломат, мемлекет қайраткері және еліміздің көшбасшысы ретінде тұлға болып қалыптасуының негізгі кезеңдері қамтылған. Әртүрлі мемлекеттің басшылары, шетелдің көрнекті саясаткерлері мен сарапшылары Қазақстан Президенті туралы өз әсерлерімен, ой-пікірлерімен бөліседі. Осынау атаулы күннің қарсаңында «Хабардың» эфирінен фильмнің бірінші сериясы көрсетілді. Бүгін, 12 маусымда сағат 22:00-де эфирге екінші бөлімі шығады. Фильмнің екі сериясы да 13 маусым күні 22:00-де және 22:40-та қайталап көрсетіледі, - деп жазды ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы