Премьер жанармай тапшылығына жол бермеуді тапсырды
Премьер-министр Әлихан Смайылов биыл мал азығын дайындау жұмыстары үшін ауа-райы қолайлы болып тұрғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жанар-жағармайдың бағаларын бақылау және тапшылығына жол бермеу жөніндегі тұрақты жұмыс комиссиясын құруды Роман Васильевичке ( Скляр – авт. Бірінші вице-премьер) тапсырамын.Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау агенттігімен және әкімдіктермен бірлесіп, баға негізсіз көтерілген жағдайда тиісті ден қою шараларын қабылдауды қамтамасыз етсін, - деді ол.
Смайылов тағы бірқатар органға тапсырма жүктеді.
Сондай-ақ Индустрия министрлігі, ҚазМұнайГаз және Қазақстан темір жолы компаниялары Мұнай өңдеу зауыттарынан мұнай өнімдерін уақытылы жіберуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауы қажет.Цифрлық даму және Энергетика министрліктері дизель отынын сатудың тәуліктік лимиттерін бақылау жөніндегі ақпараттық жүйені тез арада жеделдетсін.Энергетика министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, егін орағы кезінде шаруаларды жанар-жағармаймен уақытылы қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстасын, - деді ол.