Премьер-министрдің баспасөз хатшысы тағайындалды

Премьер-министрдің баспасөз хатшысы болып Диляра Ардаққызы Аленова тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Диляра Аленова халықаралық құқық мамандығы бойынша ҚазГЗУ университетін бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы тілші болып бастады. Әр жылдары Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінде, «Қазконтент» АҚ-да, Премьер-министрдің баспасөз қызметінде жұмыс істеді.

«Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы, Алматы қ. Қоғамдық даму басқармасы Коммуникациялық іс-тәжірибелер бөлімінің басшысы, Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы болып жұмыс істеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы