Премьер-министр жұмыс істемейтін және оқымайтын жастары көп өңірлерді атады

Елімізде NEET жастардың үлесі  6 пайыздан асады. Бұл туралы Үкімет отырысында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол жастарды жұмысқа орналастырудың жүйелі тәсілі керегін атап өтті.  

Тұжырымдамада   2,3 млн-ға жуық жастарды   жұмыспен қамту жоспарланған. Бұл   – өте маңызды аспект,   оны барынша тиімді жүзеге асыру керек. Жастарға арналған жобалар мен   бағдарламаларды іске асыруға   мемлекеттің бөліп отырған ресурстары қомақты. Жастардың   мұндай бағдарламаларға қатысуын кеңейту   NEET санатындағы жұмыс істемейтіндер мен  оқымайтындардың санын азайтуға ықпал етеді, - деді Әлихан Смайылов.

Премьердің  сөзінше, елдегі мұндай жастардың үлесі  6 пайыздан асады.

Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында   NEET көрсеткіштері ең жоғары. Тұжырымдамада   республика бойынша   осындай жастардың үлесін   3,5 пайыз дейін төмендету міндеті қойылған. Бірақ, бұл үшін  «шаблонмен» жұмыс істеуге болмайды. Әр өңірдегі   жастармен жұмыс істеу ерекшелігіне   барынша икемделу қажет. Сонымен қатар,   жастарды қолдау шараларын жақсарту,   кәсіпкерлікке тарту,   өз кәсібін бастауға көмектесу үшін  үзбей жұмыс істеу керек, - деді Смайылов. 
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: primeminister.kz
Өзгелердің жаңалығы