Премьер-министр "Заң мен тәртіп" қағидатын нығайтуға ерекше көңіл бөлуді тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмаларды орындау шеңберінде құқық бұзушылық пен заңсыздыққа мүлдем төзбеушілікті қамтамасыз ету қажеттігін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол қоғамда "Заң мен тәртіп" қағидатын орнықтыруға ерекше назар аударуды тапсырды.

Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге тұрмыстық және көшедегі құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейтіп, халықпен, әсіресе жастармен ақпараттық-тәрбие жұмыстарын жандандыруы керек, - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар жол қауіпсіздігі мен көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыру мәселесіне де ерекше мән беріледі. Ішкі істер министрлігі жол ережелерін қатаң бақылауды күшейтіп, қосымша шаралар қабылдауға міндеттелді.

Электросамокаттар мен басқа жеке мобильді қозғалыс құралдарын реттейтін заңнамалық түзетулерді барынша қысқа мерзімде аяқтау міндеттелді.

Киберқылмысқа қарсы іс-қимылдың интеллектуалды жүйесін жасау аясында Ішкі істер министрлігі мүдделі органдармен бірлесіп, киберқауіптерді анықтайтын бірыңғай платформаны құру шараларын жүзеге асырады.

Бұған дейін бүгінгі жиын барысында Премьер-министр әлеуметтік саясатқа қатысты бірқатар нақты тапсырма бергенін де жаздық.  Олжас Бектенов күмәнді және тиімсіз жәрдемақыларды алып тастау керек екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы