Премьер-министр Сапарбаевты орнында қалдыратын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордайдағы оқиғаға байланысты құрылған үкіметтік комиссияны өзі басқара береді. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин айтты.
Қордайдағы қайғылы оқиға кезінде 10 адам қаза тауып, 178 адам зардап шекті. Сондай-ақ тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарға, азаматтардың дүние-мүлкіне зақым келтірілді. Осы күндері Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Қордай ауданында оқиға салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия жұмыс істеді. Кеше мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Мәшбекұлы (Сапарбаев - тілші) Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды. Дегенмен үкіметтік комиссияны төрағасы ретінде әрі қарай да өзі басқара береді, - дейді Асқар Мамин.
8 ақпан күні үкіметтік комиссияны басқарып, Қордайға кеткен Бердібек Сапарбаев кеше Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалған еді. Бүгін ол өңірдегі жағдайды баяндады.
Қазіргі таңда жалпы Жамбыл облысының Қордай ауданда жағдай тұрақты. Барлық құқыққорғау органдарының көмегімен жергілікті әкімдіктер жұмыс істеп жатыр. Жалпы өткен 5 күннің ішінде дәрігерлік көмекке 141 адам жүгінді. Оның ішінде 19-ы полиция қызметкерлері. Бұл оқиғадан 10 адам қайтыс болды. Қаза тапқандардың отбасыларына жергілікті демеушілердің, әкімдіктердің тарапынан көмек көрсетілді. Комиссия мүшелері 10 азаматтың отбасыларына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан көңіл айтты. Барлық шараларына қатыстық, - дейді Бердібек Сапарбаев.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Қордай ауданыдық ауруханасында - 13, Алматы қаласында - 25 адам дәрігерлік көмек алып жатыр. Қырғызстанда болған 9 адамды Алматы мен Таразға қайтарған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Иран соққысынан АҚШ-тың 109 әскері зардап шекті – Пентагон
Келесі жаңалық
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль иеленді
Өзгелердің жаңалығы