Премьер-министр өз таңдауын жасады

Премьер-министр Әлихан Смайылов Мәжіліс және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Премьер-министр Әлихан Смайылов №111 сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын берді.

№111 сайлау учаскесі еліміздің бас қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан.

Сайлау учаскесі елорда уақыты бойынша сағат 7.00-ден жұмысқа кірісті.

Сайлау учаскесінде есеп бойынша 2 771 бюллетень бар. Ал тіркелген сайлаушылар саны 2 744.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы