22 Маусым 2023 2023, 14:20
Фото: Үкімет
Премьер-министр Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоқтарын қойды
Әлихан Смайылов Баку қаласында Әзербайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Премьер-министр Әлихан Смайылов Баку қаласында Әзербайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еске сала кетейік, Үкімет басшысы ресми сапармен Баку қаласында жүр.
Сондай-ақ Әлихан Смайылов Гейдар Әлиевтің зайыбы Зарифа Әлиеваның бейітіне де гүл шоқтарын қойды.
Құрметті адамдар жерленген аллея Баку қаласының таулы бөлігінде орналасқан. Мұнда Әзербайжан елінің көптеген көрнекті ғылым және мәдениет қайраткері, саясаткерлері, қоғам қайраткерлері жерленген.