26 Мамыр 2025 2025, 17:21
Фото: Үкімет баспасөз қызметі
Премьер-министр ақпараттық кеңістікті қорғау жөніндегі жұмыс тобын құруды тапсырды
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов ақпараттық қауіпсіздікті күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов ақпараттық қауіпсіздікті күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тиісті құжатқа Үкімет басшысы қол қойды.
Құжатқа сәйкес, жұмыс тобы 2025 жылғы 31 қазанға дейін Үкімет Аппаратына елдің ақпараттық кеңістігінің қауіпсіздігін нығайту жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар ұсынуы тиіс. Премьер-министр тапсырмасының орындалуын бақылау Премьер-министрдің орынбасары Ерлан Қошербаевқа жүктелді.
Жұмыс тобының құрамына негізгі мемлекеттік органдардың өкілдері енді: мәдениет және ақпарат, ішкі істер, сыртқы істер, цифрлық даму министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржы мониторингі агенттігі, Қауіпсіздік кеңесі және Президент әкімшілігі.
Үкімет өкілдері киберқауіптер мен жалған ақпараттың таралуы артқан қазіргі жағдайда ақпараттық кеңістікті қорғау ұлттық қауіпсіздіктің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
- Әрбіріміз еліміздің тағдырына әсер ете аламыз – "Жаңа адамдар" Қозғалысының көшбасшысы 21:19
- Фермерлер енді суды "жасырын" ала алмайды 20:49
- Алматыда 2000 адамды жұмыспен қамтыған жауапты бизнес қалай дамып жатыр? 20:23
- Атыраудағы әскери бөлімде сарбаз қаза тапты 20:01
- "Кастет болмаған": Жасөспірімдер төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды 19:48
- Иранның жаңа басшысы алғаш рет мәлімдеме жасады 19:31
- Мәулен Әшімбаев: Мемлекет басшысы инклюзивті қоғам құруға баса мән беріп келеді 19:09