Премьер-министр «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніне барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніне барды.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкіметінің басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу қабырғасына гүл шоғын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.
Мұражай кешенін аралау барысында Әлихан Смайылов экспозициялар мен басты залдарды көріп, танысты.
Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешені Ақмол кентінде бұрынғы «Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагерінің» орнында орналасқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль иеленді
Өзгелердің жаңалығы