Премьер-лиганың 20-турын 21 100 адам тамашалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 20-турындағы 6 ойынды стадионда отырып, 21 100 адам ташамалаған.

Бір ескерте кететіні, «Қайрат» пен «Атырау» арасындағы ойын 24 сәуірде өтіп кеткен. Бұл турда ең көп көрермен «Тобыл» – «Қайсар» (0:2) және «Ордабасы» – «Ertis» (1:0) арасындағы ойынға жиналған (5500 көрермен).

Ал ең аз көрсеткіш Көкшетаудағы «Оқжетпес» – «Ақтөбе» (4:0) ойынында тіркелді – 1600 көрермен.

Премьер–лиганың 20–турын тамашалаған көрермендер саны:

1-2. «Тобыл» – «Қайсар» – (0:2) – 5 500 көрермен;

1-2. «Ордабасы» – «Ertis» (1:0) – 5 500 көрермен;

3. «Астана» – «Тараз» (4:0) – 3 500 көрермен;

4-5. «Жетісу» – «Шахтёр» (2:0) – 2 500 көрермен;

4-5. «Қайрат» – «Атырау» (2:0) – 2 500 көрермен;

6. «Оқжетпес» – «Ақтөбе» (4:0) – 1 600 көрермен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы