Премьер-министр кеңсесі жемқорлыққа қатысы бар қызметкерге қатысты түсінік берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі баспасөз қызметі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген қызметкерге қатысты түсініктеме берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің хабарламасында газ өткізу туралы қылмыстық іс бойынша күдікті ҚР Премьер-министрі кеңсесінің қызметкері деп көрсетілген. Аталған тұлға бұған дейін Маңғыстау облысы Ақтау қаласының әкімдігінде жұмыс істеген және биыл наурыз айында ҚР Премьер-министрінің кеңсесіне жұмысқа қабылданған. Қылмыстық іс бойынша тергеліп жатқан жайт оның Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарында жұмыс атқарған кезеңіне қатысты, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдула Премьер-министр кеңсесінің қызметкері күдікті болып отырғаны туралы айтқан болатын.