Үкімет басшысы Түркияның қорғаныс министрін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Түркия Республикасының Қорғаныс министрі Хулуси Акарды қабылдады.
Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі
Үкімет басшысы Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.
Екіжақты өзара іс-қимылды кеңейтуде біздің мемлекеттеріміздің басшылары арасында қалыптасқан достық қарым-қатынас үлкен рөл атқарады. Екіжақты форматта қарқынды жүргізіліп жатқан сындарлы диалогпен қатар БҰҰ, ИЫҰ, ЕҚЫҰ және АЫСШК шеңберіндегі практикалық өзара іс-қимыл табысты дамуда, - деді Мамин.
Түркия Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің топ 10 елінің қатарына кіреді. ҚР мен ТР арасындағы тауар айналымы 2019 жылдың қорытындысы бойынша $3 млрд-тан асты. Ағымдағы жылдың 8 айында екіжақты сауда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға өсіп, $2,1 млрд құрады, ҚР Тәуелсіздік жылдарында Түркиядан Қазақстанға тікелей инвестициялар ағыны $3,7 млрд-тан асты.
Тараптар екі елдің әскери білім беру және қорғаныс-өнеркәсіп кешені салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, оның ішінде түрік компанияларының ҚӨК саласында бірқатар инвестициялық жобаны іске асыруын талқылады.
Кездесуге ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов қатысты.