Премьер-лига клубтары саны көбейетін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің отырысы өтіп, футболдан Қазақстан чемпионатына қатысушылар санын көбейту туралы шешім қабылданды.
Бұған дейін 12 команда ойнап келсе, енді 14 команда болмақ.
Сонымен қатар отырыста мынандай шешім қабылданды:
- ҚФФ ұйымдастыратын жарыстарға қатысатын Қазақстан Республикасының футбол клубтарының сертификация ережесін қатаңдату;
- ҚФФ допингке қарсы ережесі бекіту;
- 2021 жылғы турнир маусымында ойыншыларды тіркеудің алғашқы кезеңі 25 қаңтар мен 17 сәуір аралығына бекіту.
Футболдан Қазақстан чемпионатын кеңейту шешімі жарысқа қатысушылардың келісімімен жасалған қадам. Бұған дейін бұл мәселе Атқарушы комитетінің отырыстарында бірнеше рет талқыланған болатын. Содан кейін Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбековтің тапсырмасымен Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының Жалпы жиынында жоба талқылауға түсті. Екі кездесуде де бастама қолдауға ие болды. Мамандар турнирге қатысушылардың санын ұлғайту ойын күнтізбесін оңай жоспарлауға мүмкіндік береді деп санайды. Бұл ең алдымен қазіргідей қиын кезеңде маңызды болып отыр. Сонымен қатар жарыс уақытша тоқтатылған жағдайда да маусымды уақытында аяқтауға мүмкіндік бар. Қазақстан Чемпионатының қатарын толықтыратын командалар туралы шешім спорт қағидасының талаптарына сай және футбол клубтарының сертификация ережелерін орындау жағдайына байланысты қабылданады, - деді Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы-Өскемен жолы жабылды
Өзгелердің жаңалығы