Праймериздің өту барысын кімдер бақылайды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында праймериздің өту барысының бақылануы туралы айтып берді.
Праймериздің өтуін партиялық бақылау комиссиясы қадағалайды. Олар қала мен әр ауданда бар. Праймериз барысында өтініштер мен сұрақтар, шағымдар болса, партиялық бақылау комиссияларына жазуға болады. Олар оны тексеріп, нәтижесі бойынша жауап береді. Бақылау комиссиясының мүшелері ұйымдастыру комитеті, есептік комиссия және кандидаттар штатының құрамына кіре алмайды. Олар бөлек болады, - деді Станислав Канкуров.Ол атағандай, қазір Алматы қаласы бойынша 96 азамат праймеризге қатысуға өтініш берген.
Естеріңізге сала кетсек, Nur Otan партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 17 тамызы мен 3 қазаны аралығында праймериз өткізу туралы қаулыға қол қойған болатын. Ережеге сәйкес, праймериздің міндеті – "Мықты лидерлер - Мықты партия" қағидаты бойынша шынайы және мықты көшбасшыларды партия қатарына тарту, белсенді және бастамашыл азаматтар үшін "әлеуметтік лифт" құру, елді дамыту мәселелерін талқылауға көпшілікті жұмылдыру, аймақтардағы жүйелі жұмыс үшін өзекті мәселелерді анықтау, сондай-ақ, кандидаттардың жеке жауапкершілігін арттыру.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Apple-дің нарықтық құны тұңғыш рет 2 трлн доллардан асты
Өзгелердің жаңалығы