Праймериз: ШҚО бойынша 27 мыңнан астам партия мүшесі дауыс берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясының праймеризіне қатысушы үміткерлерге онлайн дауыс берудің екінші күнінде 27 мыңнан астам шығысқазақстандық өз таңдауларын жасап, дауыс беріп үлгерді.
Праймериз бойынша дауыс беру 1 қазан күні сағат 00:00-де басталды. Дауыс беру 3 қазанға дейін жалғасады. Сонымен қатар соңғы күні сайлау учаскелері ашылатын болады. Оған онлайн режимінде дауыс бере алмаған адамдар қатысады. Сондай-ақ жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілмеген өңірлерде дауыс беру қағаз бюллетеньдер арқылы өтеді. Бүгінгі таңда онлайн режимінде 27 000 адам дауыс берді. Бұл 54% құрайды. Сайттың шамадан тыс жүктелгеніне қарамастан жалпы сайлаушылардың белсенділігі өте жоғары. Праймеризге барлығы 1054 кандидат ұсынылған. Қазіргі уақытта 923 адамға дауыс беру жүргізілуде. Олар барлық пікірсайыс пен үгіт-насихат кезеңінен сәтті өткен үміткерлер, - деді Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Олег Чугунков.
Жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша дауыс беру үшін primaries.kz порталы арқылы 40 мыңнан астам партия мүшесі тіркелген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда жол апаты қай күндері көп болатыны белгілі болды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы