Праймериз. Павлодар облысында дауыс беру аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында праймериз бойынша дауыс берудің аралық нәтижелері белгілі болды. Соңғы нәтижелер қағаз бюллетеньдерін санағаннан кейін аталады.

Nur Otan партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлағандай, партиялық кадрлық резервке кандидаттар үшін дауыс беру аяқталды.

Алдын ала есептеулер бойынша, бүгінгі таңда өңірдегі 47 мың партия мүшесінің 37 мыңға жуығы дауыс берген.

Осы көрсеткіш бойынша Павлодар облысы Қазақстанның барлық өңірлері арасында алтыншы орында тұр, - делінген хабарламада.

Облыс ішінде павлодарлықтар белсендірек болды. Екінші орында - Екібастұз, үшінші орында - Ақсу. Ал аудандар арасында Тереңкөл ауданының, сондай-ақ Павлодар және Шарбақты аудандарының нұротандықтары белсенділік танытты.

Партия ішіндегі дауыс берудің соңғы нәтижелері дүйсенбіде қағаз бюллетеньдерін санағаннан кейін белгілі болады. Праймериз бойынша барлық ақпаратты primaries.kz сайтынан қарауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, павлодарлық нұротандықтар партиялық кадрлық резервке үміткерлерге дауыс беруде. 

Облыстық партия филиалының төрағасы ретінде аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов та өз дауысын берді.

Праймериз бойынша дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтті, облыс бойынша барлығы 149 сайлау учаскесі ашылды, оның 122 - сі онлайн, 27-сі бюллетеньдер бойынша дауыс беруге мүмкіндік берді. Праймеризге 553 үміткер қатысуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы