Праймериз. Қарағанды облысында 210 бөлімде дауыс беру жүріп жатыр
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды аймағы бойынша «NurOtan» партиясы праймеризіне дауыс берудің үшінші кезеңі өтуде. Аймақ бойынша 210 дауыс беру пунктерінде дауыс беру қарқынды жүргізілуде.
Облыстың интернет желісі нашар ұстайтын елді мекендері мен ауылдық жерлерінде ұйымдастырылған дауыс беру пунктерінде 9443 партиялық бюллетень арқылы дауыс беру мүмкіндігіне ие болған. Аймақтың барлық қалалары мен аудандарында 210 дауыс беру пункті жұмыс істеп тұр.
Электронды дауыс беру қазанның 4-і сағат 14.00-ге дейін жалғасады. Өзіңіз таңдаған кандидатқа primaries.kz сайтында мобильді қосымша арқылы дауыс беруге болады. Сонымен қатар, дауыс беру онлайн-кабиналар арқылы және интернет желісі жоқ ауылдарда бюллетен арқылы дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған,- дейді «NurOtan» партиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Анар Шаймерденова.
Оның айтуынша, дауыс беру орындағы шаралар карантин талаптарының барлық нормаларын сақтаумен жүзеге асырылуда.
Қазіргі уақытқа дейін облыс бойынша дауыс берушілердің 56 пайызы дауыс беріп үлгерді. Жалпы облыс бойынша партия мүшелерінің саны 87 мыңнан асады,- деп атап өтті партияның өкілі.
Электронды түрде дауыс беруді арнайы комиссия бақылайды. Бір IT мекен-жайдан 1 адам ғана дауыс бере алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы