Прагада карантинге қарсы шеру полициямен қақтығысқа ұласты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чехия астанасында шектеулерге қарсы бейбіт басталған шеру соңы полициямен қақтығысқа ұласты.
Прагадағы ереуіл 2 жерде өткен. Тәртіп сақшылары наразы топтың алаңдарға баруына тосқауыл қойған. Бірақ бұған көне қоймаған белсенділер полицейлермен ұстасып, жаға жыртысты.
Қақтығыс салдарынан жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ. Тек 2 адам қамауға алынған.
Чехияда жаңа жыл қарсаңында коронавирустың өршуіне байланысты мейрамхана-дәмханалар, қонақ үйлер, тамақ пен дәрі-дәрмек сатпайтын барлық сауда орындары жабылып, кешкі 21.00-ден таңғы 5-ке дейін коменданттық сағат жарияланған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы