Жүк пойызы мен УАЗ соқтығысып, бір адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы Шалқар ауданында жүк пойызы жеңіл көлікпен соғысты.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы Шалқар ауданында жүк пойызы жеңіл көлікпен соғысты.
КТК арнасының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан УАЗ маркалы автокөлікті тізгіндеген 82 жастағы қария оқиға орнында қайтыс болған.
Оқыс оқиға Шалқар қаласының іргесіндегі Мырзағұл Шыманұлы ауылы маңында болды. Бағдаршамның қызыл белгісіне қарамастан, ақсақал кешқұрым өткелден көлігімен өте шықпақ болады. Бірақ үлгермеген. Қатты соққыдан УАЗ-дың да түгі қалмаған. Өткел Бейнеуден Жезқазғанға қатынайтын шойын жолдың бойында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шамалғанда болған апат салдарынан қоғамдық көлік жүргізушісі қайтыс болған болатын. Ал Шамалған станциясына теміржол өткелегі 2020 жылы салынатыны белгілі болды. Еліміз бойынша мұндай теміржол өткелегінің саны 1000-нан асады.
- 56 тонна қымыз, 70 мыңнан астам қонақ: «BaiQymyz-2026» фестивалінің жеңімпаздары анықталды 08:11
- Индонезияда жүк көлігі мен пикап соқтығысып, 11 адам қаза тапты 07:48
- ALTAI FEST: Полиция 50 мыңнан астам көрерменнің қауіпсіздігін қамтамасыз етті 07:14
- Creative Aimaq: Қостанай облысының креаторлары 4,4 млн теңгеден астам өнім сатты 06:35
- U23 Азия чемпионаты: Қазақстанның 12 боксшысы финалға шықты 05:18
- Бангкокта пабтағы өрттен 27 адам қаза тауып, 63 адам жарақат алды 04:27
- Ақтөбе – Хромтау тасжолындағы жөндеу жұмыстарының 70 пайызы аяқталды 03:40