Жүк пойызы мен УАЗ соқтығысып, бір адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы Шалқар ауданында жүк пойызы жеңіл көлікпен соғысты. 

КТК арнасының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан УАЗ маркалы автокөлікті тізгіндеген 82 жастағы қария оқиға орнында қайтыс болған.

Оқыс оқиға Шалқар қаласының іргесіндегі Мырзағұл Шыманұлы ауылы маңында болды. Бағдаршамның қызыл белгісіне қарамастан, ақсақал кешқұрым өткелден көлігімен өте шықпақ болады. Бірақ үлгермеген. Қатты соққыдан УАЗ-дың да түгі қалмаған. Өткел Бейнеуден Жезқазғанға қатынайтын шойын жолдың бойында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шамалғанда болған апат салдарынан қоғамдық көлік жүргізушісі қайтыс болған болатын. Ал Шамалған станциясына теміржол өткелегі 2020 жылы салынатыны белгілі болды. Еліміз бойынша мұндай теміржол өткелегінің саны 1000-нан асады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы