Пойызға билет неге жоқ? – Компания өкілінің жауабы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасына сұхбат берген «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі Мәди Мұхамедқали мәлімдеді. 

Айтуынша, жолаушылар кейде вагондардың ескілігіне шағым айтып жатады. 

Жолаушылар тарапынан ескі типті вагондарға қатысты шағымдар түсетіні жасырын емес. Бірақ бізден бөлек жекеменшік тасымалдаушы 10 шақты компания бар. Олар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тікелей қарайды. Бақылау функциясы да тікелей сол ведомствоның құзыретінде, - деп атап өтті компанияның ресми өкілі. 

Сондай-ақ ол жазда қай бағытқа адамдар көп қатынайтынына тоқталды.

Біздің қарамағымызда 2200-ден астам вагон бар. Жазғы маусымда 158 бағыт бойынша пойыздар қатынайды. Мәселен, ең танымалы – Алакөл бағыты. Биыл аталған бағытқа тальго пойыздарын қостық. Одан бөлек, тальго пойыздарының үшеуі – Нұр-Сұлтан қаласынан, бесеуі – Алматы қаласынан, біреуі – Өскеменнен, біреуі – Абай облысынан және Ақтоғайдан Достыққа қатынайтын барлық пойыз бар, - деді Мәди Мұхамедқали.

Қазіргі уақытта пойызға билеттің жетпей жатқандығын былай түсіндірді. 

Пандемиядан соң халық демалысқа шығып, қыдырғысы келеді. Одан бөлек, халықаралық пойыздар қосылды. Мысалы, Атыраудан Астраханьға, Алматыдан Ташкентке, Бейнеуден Нүкіске қатынайтын пойыздар бар. Сондай-ақ қазір транзиттік пойыздар шықты, - дейді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы