Пойыздар қозғалысы қалпына келтіріледі
Пойыздар қозғалысы ТЖМ жедел штабының ақпаратынан кейін толығымен қалпына келтіріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
4 қыркүйек сағат 03.57-де жолды алдын ала тексергеннен кейін бірінші контейнерлік пойыз жөнелтілді, екіншісі - 04.21-де. Сағат 05.25-те өрт сөндіру пойызының қорғауымен Алматы-Орал бағытындағы №51 жолаушылар пойызы (кідіріс уақыты 11 сағат 8 минут) және Семей-Маңғыстау бағытындағы №37 пойызы жөнелтілді, - деп хабарлайды “ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
ҚТЖ-да жедел штаб құрылды. Барлық сұрақ бойынша мына телефондарға: 8 (7172)60-63-15, 8(701) 777 65 80 хабарласуға болады.
Бұған дейін хабарланғандай, Тобыл-Құсмұрын учаскесінің Аманқарағай мен Қазанбасы аралықтарында өрт екі жағынан теміржол төсеміне жақындап келген еді. Жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуіне байланысты пойыздар қозғалысы тоқтатылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қостанай облысында төтенше жағдай енгізілуі мүмкін
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы