Қазір қазақстандық пойыздар 48 бағытта жүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда биылғы 5 шілдеден бастап 42 облысаралық және қала маңындағы пойыздардың жүруі уақытша тоқтатылып, 7 пойыздың жүру мерзімі қысқартылды.
ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Санитарлық қорғау шараларын міндетті түрде сақтай отырып, 48 бағытта пойыздар жүреді.
Жолаушыларды тасымалдау кезінде мынадай шаралар қамтамасыз етілді:
- жолаушыларды отырғызу және түсіру кезінде жолаушылар арасындағы қауіпсіз қашықтықты (кемінде 1 метр) сақтауды қамтамасыз ету;
- жолаушылардың жеке қорғаныс құралдарының (бетперделер) міндетті түрде болуын және алып жүруін бақылау;
- жолаушыларды дауыс зорайтқыш байланыс бойынша жолаушылар қозғалысын шектеу талаптары туралы хабардар ету;
- жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы ылғалды жинау жұмыстарын жүргізу;
- жолсеріктерді медициналық бетперделермен қамтамасыз ету;
- қалыптастыру пункттерінде жылжымалы құрамды дезинфекциялау.