Пойыздағы багаж тасымалы цифрлық форматқа көшеді
"Жолаушылар тасымалы" багаж тасымалын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр.
"Жолаушылар тасымалы" багаж тасымалын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр.
Жоба №9/10 "Нұрлы жол – Алматы-2" пойызы бағытында іске асырылуда. Сынақ жұмыстары Нұрлы жол, Қарағанды және Алматы-2 станцияларындағы багаж бөлімшелерін қамтиды.
Жаңа цифрлық жүйе багаж және жүк-багажға қатысты операциялардың ашықтығын арттыруға, есеп жүргізуді жеңілдетуге және тасымалды рәсімдеу кезінде адами факторды барынша азайтуға бағытталған. Жүйе жөнелтімді қабылдаудан бастап, бағыт бойымен сүйемелдеуге дейінгі барлық процесті бірыңғай цифрлық тәртіпке келтіреді, – дейді "Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметі.
Платформа станция операторы арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар WMS, яғни қойма процестерін басқару жүйесі негізінде өзіне-өзі қызмет көрсету тәсілдері де қарастырылған.
Айта кетейік, бұл цифрлық шешімді Astana IT University студенттері "Жолаушылар тасымалы" АҚ-мен дуалды оқыту бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық негізінде әзірледі.
Алдағы уақытта "Жолаушылар тасымалы" АҚ бұл цифрлық шешімді барлық багаж бөлімшелеріне кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлап отыр.
- Оңтүстік Кореяда рекордтық ыстықтан егістікте картоп «пісіп» жатыр 10:45
- Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін көбірек өңдей бастады – сарапшы 10:35
- Неліктен қалалықтарға қарағанда ауыл тұрғындары сайлауда белсенді болады? – Сарапшы түсіндірді 10:21
- «JASTAR CAMP»: Қазақстанның 500-ге жуық жасы «Әділет» партиясымен кездесті 10:05
- «Рекультивация» деген сылтаумен 1 млрд теңгенің марганец кенін өндірген топ ұсталды 09:51
- Тоқаев Пәкістан Премьер-министрінің Астанаға сапарын асыға күтетінін айтты 09:45
- Түркияда туристік кеме өртеніп, 115 жолаушы құтқарылды 09:33