Пойызда темекі шеккен екі азаматқа 8 мың теңгеге жуық айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері жекелеген қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 4 мыңнан астам азаматқа айыппұл салды.
Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Биылғы жылдың басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 54 043 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін – 4039.
Мәселен, биыл 18 желтоқсанда көлік полицейлері "Алматы-Қостанай" бағытындағы жолаушылар пойызында, яғни, жекелеген қоғамдық орындарда темекі шеккен екі ер адамды ұстады. Тексеру барысында, құқықбұзушылардың 1990 және 1992 жылы туылған Алматы қаласы мен Қостанай қаласының тұрғындары екені анықталды, - делінген хабарламада.
Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 441-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып (жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзу), әрқайсысына 7575 теңге көлемінде 3 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Митинг өткізу үшін әкімдіктен рұқсат сұрамайды – Саиров
Келесі жаңалық
Алматыда жыл соңына дейін 16 жатақхана пайдалануға беріледі
Өзгелердің жаңалығы