Пойызда күй тартқан жас домбырашылар жолаушыларды тәнті етті
№11 Алматы 2-Шымкент бағытындағы пойыздың №19 вагонында жолға шыққан дарынды домбырашылар "Turan" күйін орындап, жолаушыларды таңғалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 ақпанда жеті жас домбырашы мұғаліммен бірге Алматыдан Шымкент қаласына жарысқа жолға шыққан.
Сапар барысында балалар пойызда жарысқа дайындалған. Олар қаз-қатар отыра қалып, домбыра тартқан.
Осылайша домбырашылар вагон жолаушыларына керемет көңіл-күй сыйлаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы