Ақтөбе-Алматы бағытындағы пойызда нәресте дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше №34/33 "Ақтөбе-Алматы-1" бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызының Шу жол телімінде тағы бір әйел сәбилі болды. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"5 вагонда келе жатқан Алтынай Темір жол үстінде толғатып, жолсеріктер мен пойыздағы сапар шегіп бара жатқан жолаушы дәрігерлердің көмегімен аман-есен босанды. Отар стансасына келгенде оларды жедел жәрдем көлігі күтіп алып, жақын маңайдағы ауруханаға жеткізді", - делінген хабарламада.

Келіншекті босандырып алуға дәрігер Евгений Колопилов пен акушер Бейбіткүл Құмғанбаева және де вагон жолсерігі Руслан Байекешов пен пойыз басшысы Сағынай Жүсіп көмектескен.

Айта кетсек, компанияға қарасты барша жолсеріктер әр уақытта алғашқы медициналық және штаттан тыс жағдай кезінде көмек көрсету оқу-тренингтерінен өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы