Пойыздарды тексеру барысында 20 билетсіз жолаушы анықталды

Астана, baq.kz. 2018 жылдың желтоқсан айында «Адал жол» жобасы аясында Ақтөбе облысындағы пойыз жолаушылыраның билеті тексерілді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"2018 жылы желтоқсан айында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен облыстық көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлері бірлесіп өткізген тексеріс барысында 20 билетсіз жолаушы анықталды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Рейд алыпсатарларды және билетсіз жүру мүмкіндігін жойып, билеттерді алып-сатарлық жасауға адами фактордың әсерін болдырмайтын блоктар жүйесін құруға бағытталған «Адал жол» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы