Пойыз бір топ жұмысшыны қағып кетіп, 11 адам қаза тапты

Қытайда теміржол бойындағы жабдықты сынақтан өткізіп жатқан кезде қайғылы жағдай болды. Пойыз 11 адамды қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.

Таңертең ерте сейсмикалық жабдықты сынақтан өткізіп жатқан пойыз теміржолда тұрған жұмысшылар тобына соғып кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 11 адам қаза тапқан. Тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілген.

«Қытай темір жолдары» мемлекеттік корпорациясының жергілікті бөлімшесі трагедияның мән-жайын анықтау үшін тергеу басталғанын хабарлады. 

Мамандар жұмысшылардың пойыз жүретін аймаққа қалай кіріп кеткенін және сынақ жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларының неге сақталмағанын тексеріп жатыр.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы