Теміржолды кесіп өтпек болған әйелді пойыз басып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға Ақтөбе облысы Шалқар станциясында болды.
Мой ГОРОД сайтының мәліметінше, 19 тамызда Алматы-Ақтөбе бағытындағы пойыз жүре бастаған кезде машинист әйелді басып кеткен. Зардап шеккен әйелдің станция жұмысшысы екені белгілі. Ол 33 жастағы Шалқар қаласының тумасы.
"Шалқар станциясында болған куәгердің айтуынша, әйел екі темір жол арасындағы платформада тұрып, пойыз қозғала бергенде жүріп бара жатқан құраманың астына секіріп кеткен", - делінген хабарламада.
Зардап шеккен әйел аудандық ауруханаға жеткізілді. Оның аяқтары тізесінен жоғары жерден ампутацияланды.
Алдын ала белгілі болғандай, әйел тұрмыста, 3 баласы бар. Жол апаты таңертең әйел түнгі ауысымнан шыққан кезде болды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түрік шекарашылары заңсыз өтпек болған 330 босқынды ұстады
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы