«Потому что, потому что…». Серік Әбденов қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Серік Әбденов «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының корпоративті мәселелер және кадрлар жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды.

«Қазақстан темір жолында» жаңа басшы келгеннен кейін бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. 

Сонымен қатар Серік Әбденов «ҚТЖ» ҰК »АҚ басқарма төрағасының корпоративті мәселелер және кадрлар жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды. 

Бұл туралы БАҚ өкілдерімен жұмыс департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы айтты. 

Енді Серік Кеулімжаев уақытша осы міндетті атқарушы болып тағайындалды. Ол өзінің мансабын «Price Waterhouse» консалтингтік компаниясында бас менеджер болып бастаған. 

Осы жылдар ішінде коммерциялық құрылымдарды басқарған. Сондай-ақ мұнай-газ өнеркәсібінде, өндірісте, құрылыста өнімдерді тасымалдау және сатумен айналысқан.

Серік Әбденов ел есінде «Потому что, потому что…» сөзімен есте қалған. 2013 жылы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі кезінде теміртаулық жұмысшы әйелдермен кездесуіндегі сөзі интернетті қыран-топан күлкіге қалдырған.


Ол – 1977 жылы 15 қаңтарда Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында туған. 

Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (1998) заңгер мамандығы бойынша; Қарағанды Қазақ тұтынушылар одағы экономикалық университетін (2004) экономист мамандығы бойынша бітірген. 

Министрліктен қызметтен кеткен соң, «ҚазМұнайГаз» компаниясында адам ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы