Посткеңестік валюталар 2025 жылы қалай өзгерді?

R-Finance қаржы талдаушысы Арман Байғанов 2025 жылы АҚШ долларына қатысты посткеңестік елдердің валюталары қалай өзгергеніне салыстырмалы талдау жүргізді. Оның айтуынша, жыл бойындағы валюта бағамдарының қозғалысы бірқатар айқын үрдістерді аңғартады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

АҚШ долларына шаққанда ең жоғары өсім көрсеткен валюталардың қатарында Ресей рублі бар, ол 22 пайызға нығайған. Сондай-ақ Өзбекстанның ұлттық валютасы сом да оң динамика көрсетіп, 7 пайызға күшейген.

Ал кейбір валюталар, керісінше, айтарлықтай әлсіреген. Атап айтқанда, еуроның бағамы доллармен салыстырғанда 14 пайызға төмендесе, Беларусь рублі 13 пайызға құнсызданған, – деді  қаржы талдаушысы Арман Байғанов.

Фото: R-Finance

Сарапшы бұл айырмашылықтарды елдердің ішкі экономикалық ахуалы мен сыртқы макроэкономикалық факторлардың ықпалымен байланыстырады. 

Валюта бағамындағы мұндай өзгерістер әр мемлекеттің экономикалық саясаты мен сыртқы нарықтағы жағдайды айқын көрсетеді.

Еске салайық, бұған дейін биыл теңге бағамын не күтіп тұрғаны туралы жаздық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ коллажы
Өзгелердің жаңалығы