Пошташылар Жаңа жылға сыйақы ала ма?
Мәжіліс кулуарында бұл сұраққа "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биыл Жаңа жылға орай басқарма төрағасы мен мүшелері ешқандай сыйақы алмайды. Себебі "Қазпоштаның" дағдарысқа қарсы бес жылдық жоспары бар. Егер де сол жоспарды орындасақ, онда қарастыратын шығармыз. Өзімнің жағдайым емес, поштаның жағдайы бірінші орында, - деді Жанасова.
Оның сөзінше , "Қазпошта" қаражат бойынша 2023 жылы ғана аздап табыс тапқан.
Еске салсақ, елде пошташылар айына шамамен 160 мың теңге жалақы алатынын және Қазпошта басшысы қандай жалақы алатынын жаздық.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы