Пошта және курьерлік қызметтер көлемі 6,4% өсті
2024 жылдың қаңтар-қазан айларында пошта қызметтерінің көлемі өсімін жалғастырды. 10 айда қызмет көлемі 2023 жылдың қаңтар-қазан айымен салыстырғанда 6,4% артты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, жалпы көрсетілген қызмет көлемі 64,4 млрд теңгені құрады, оның ішінде халыққа көрсетілген қызмет көлемі 17 млрд теңге.
Аймақтар бойынша пошта және курьерлік қызметтердің негізгі үлесі Алматы қаласына (56,8%), Астанаға (13,8%) және Қарағанды облысына (3,7%) тиесілі.
Айта кетейік, пошта қызметтерінің тарифтері жылдық мәнде өзгеріссіз қалды (2023 жылғы қазанға қарағанда 2024 жылғы қазанда), ал курьерлік қызметтер 2,4% қымбаттады. Олардың ішінде тарифтер Республика бойынша сәлемдеме мен бандерольдарды жеткізуге ең көп өскен – 2,9%.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодар облысында киіктер саны бес есе артты
Келесі жаңалық
Арнаулы қызмет көрсету мекемелерінің қызметі цифрландырылады
Өзгелердің жаңалығы