Португалиялық футболшы қазақстандық клубта ойнайтын болады

Бұған дейін португалиялық “Эсперанса де Лагос”, “Вилаверденсе” және румыниялық “Политехника” клубтарында өнер көрсеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Астананың “Жеңіс” футбол клубы португалиялық жартылай қорғаушы Гонсалу Филипе Кармумен келісімшарт жасасты.

25 жастағы Карму Португалияның “Лоулетану” клубының тәрбиеленушісі. Ол оң және сол қанатта, сондай-ақ вингер позициясында ойнай алады. Бұған дейін португалиялық “Эсперанса де Лагос”, “Вилаверденсе” және румыниялық “Политехника” клубтарында өнер көрсеткен.

“Жеңіс” клубы жақында тағы бір легионермен келісімшарт жасасты – Солтүстік Македониялық шабуылшы Эрдон Даци.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы