Португалия парламенті эвтаназияны заңдастыру туралы заң жобасын мақұлдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Егер заң күшіне енсе, Португалия 18 жастан асқан науқастарға медициналық көмек арқылы өмірден кетуге рұқсат берген әлемдегі жетінші ел болмақ.
Португалия парламенті эвтаназияны (эвтаназия - ауыр азапты бастан кешіріп жатқан адамдардың өлімін тездету, адамға өлу мүмкіндігін беру) заңдастыру туралы заң жобасын мақұлдады. Алдағы үш аптада құжатқа Президент Марсель Ребелу ди Соуза қол қоюы керек. Ол бұған дейін депутаттардың шешімін қолдайтынын айтқан, деп жазды ru.euronews.com.
Егер заң күшіне енсе, Португалия 18 жастан асқан науқастарға медициналық көмек арқылы өмірден кетуге рұқсат берген әлемдегі жетінші ел және Еуропадағы төртінші ел болмақ.
Бұл процедура Португалияға басқа мемлекеттерден эвтаназия мақсатында пациенттер келмеуі үшін тек Португалия азаматтары мен тұрғындарына ғана рұқсат беріледі.
Бұл шешімге Португалияның саяси оппозициясы, консервативті және католиктік ұйымдары қарсы. Екі жыл бұрын парламенттегі талқылаулар наразылық акцияларымен қатар жүрген еді.
Айта кетейік, эвтаназия Бельгия, Люксембург және Нидерланды сияқты Еуропа елдерінде заңдастырылған. Желтоқсан айында заң жобасын Испания депутаттарының Конгресі мақұлдады және сенатта талқылануда.
Ал қазан айының соңында эвтаназия Жаңа Зеландияда да заңдастырылды. Шешім референдум арқылы қабылданды.