22 Қыркүйек 2025 2025, 02:48 Фото: depositphotos.com

Португалия Палестина мемлекетін ресми түрде мойындады

Португалия Біріккен Корольдік, Канада және Австралиямен бірге тәуелсіз Палестина мемлекетін ресми мойындады, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews арнасына сілтеме жасап.

Португалия Біріккен Корольдік, Канада және Австралиямен бірге тәуелсіз Палестина мемлекетін ресми мойындады, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews арнасына сілтеме жасап.

Португалия Сыртқы істер министрі Пауло Рангель Лиссабонның тәуелсіз Палестина мемлекетін мойындағанын жариялады.

Португалия бұл шешімді басқа тоғыз елмен бірге қабылдады: Португалия, Франция, Андорра, Австралия, Бельгия, Канада, Люксембург, Мальта, Ұлыбритания және Сан-Марино.

Португалия Канада, Австралия және Ұлыбританиядан кейін Палестина мемлекетін мойындағанын растаған төртінші ел болды.