Поляк әуе компаниясының елге ұшуына шектеу қойылғаны рас па?
Азаматтық авиация комитеті «LOT Polish Airlines» әуе компаниясы туралы таралып жатқан жалған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«LOT Polish Airlines» поляк әуе компаниясының Алматы әуежайына ұшуына шектеу қоюға қатысты әлеуметтік желілердегі пікірлер шындыққа сәйкес емес. «LOT Polish Airlines» әуекомпаниясы Астанаға 2017 жылдан бастап ұшады. Қазір Қазақстан мен Польша астаналары арасындағы рейстер аптасына 3 рет (дүйсенбі, сейсенбі, жұма) жиілікпен орындалады. Алматы әуежайында «ашық аспан» режимі жұмыс істейді және шетелдік әуе компаниялар үшін ұшуларды орындауға шектеулер жоқ. "LOT Polish Airlines" әуе компаниясынан Алматы әуежайына рейстерді орындауға сұраныс түскен жоқ, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ІІМ: Бір аптада қылмыскерлер 10 кісі өлтірген
Өзгелердің жаңалығы